АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 1470-ке жетті

АСТАНА. 17 сәуір. Астана уақыты бойынша 10:05 сағатта елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1470-ке барып отыр. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Кешегі таңертеңнен бүгінгі таңертеңге дейінгі бір тәуілікте 139 оқиға тіркелді.

Атап айтқанда, Қазақстан бойынша кешегі 12:25 сағатта – 10, 17:15 сағатта – 21, 23:40 сағатта – 40, ал бүгінгі 10:05 сағатта 68 сырқат жұқтырушы табылды.

Бұлар қалалар мен аймақтар арасында мынадай бөлініске түседі: Алматы қаласы – 68, Астана қаласы – 26, Қызылорда облысы – 12, Түркістан облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 5, Алматы облысы – 4, Жамбыл облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Шымкент қаласы – 3, Павлодар облысы – 2, Атырау облысы – 2, Қостанай облысы – 2, Ақмола облысы – 2, Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Ал Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында ешқандай өзгеріс болған жоқ, бұрынғы деңгейлерін сақтап қалды.

Сонымен, қазіргі сағатта еліміздегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 461, Астана қаласы – 328, Қызылорда облысы – 143, Қарағанды облысы – 87, Ақмола облысы – 81, Атырау облысы – 72, Түркістан облысы – 55, Жамбыл облысы – 53, Шымкент қаласы – 46, Батыс Қазақстан облысы – 30, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Алматы облысы – 29, Павлодар облысы – 15, Ақтөбе облысы – 14, Маңғыстау облысы – 12, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Қостанай облысы – 7.

Осы кезге дейін республика бойынша 277 адам жазылып шықты.

Олар мыналардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 154, Алматы қаласынан – 67, Атырау облысынан – 15, Ақмола облысы – 8, Алматы облысы – 7, Қызылорда облысынан – 6, Солтүстік Қазақстан облысынан – 5, Жамбыл облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 2, Ақтөбе облысынан – 2, Батыс Қазақстан облысынан – 2, Павлодар облысынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 1.

Қайтыс болғандар саны – 17. Бұлар Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (3), Алматы қаласында (3), Астана қаласында (2), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысы (1), Павлодар облысы (1), Шығыс Қазақстан облысы (1), Қостанай облысында (1) тіркелді.

Бұдан былай біз республикада коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертеңгі жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұратын боламыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button