Армения экс-президентіне елден шығуға тыйым салынды
ЕРЕВАН. 17 сәуір. Арменияның бұрынғы, үшінші президенті Серж Саргсянға бұған дейін сот тағайындаған бұлтартпау шаралары өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Aysor.am сайты хабарлады.
Армения аппеляциялық соты экс-президент адвокатының Серж Саргсянға белгіленген бұлтартпау шарасын алып тастау туралы кепілдемесін қабылдамады.
«Апелляциялық қылмыстық соттың шешімімен Серж Саргсянға қатысты елден сыртқа шығуға тыйым салу бұлтартпас шарасы сақталып қалды», – деп мәлімдеді бас прокуратурадағылар.
Бұған дейін арнайы тергеу қызметінің 2019 жылғы 4 желтоқсанда Арменияның үшінші президенті Серж Саргсянға айыптау қорытындысы шығарылғаны хабарланған болатын.
Мәнбеге қарағанда, Саргсян Армения президентінің орынтағында отырған кезінде 2013 жылы 489 160 310 драм көлеміндегі мемлекет қаржысын бір топ шенеунікпен бірге талан-таражға салуды ұйымдастырған.
Енді Арменияның экс-президентіне Армения Қылмыстық кодексінің 38-179-бабының 3-бөлігі 1-тармақшасы («Айрықша көп көлемде ақшаны иемденіп кету немесе талан-таражға салу») бойынша айып тағылып отыр. Оған қатысты елден сыртқа кетпеу тұрғысында бұлтартпау шарасы белгіленді.
Айыпталушылар қатарында тағы бірнеше адам, соның ішінде Арменияның бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Серго Карапетян, «Флеш» компаниясының егесі Барсег Бегларян, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі Геворк Арутюнян бар.
Іс қазір Ереванның жалпы юрисдикцияның бірінші сатысындағы сотының судьясы Вага Сисакнянның өндірісінде тұр.