Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

«Өлген әйел» жерленер алдында тіріліп кетті

АСУНСЬОН. 17 сәуір. Парагвайдың түстігіндегі Коронель-Овьедо қаласында «өлді» делінген әйел жерлеуге жіберілер алдында көзін ашып алды. Бұл туралы «ABC Corol» газеті хабарлады.

11 сәуір күні обыр ауруымен ауыратын 46 жастағы Глэдис Родригес де Дуарте жергілікті жеке клиникаға жоғары қан қысымымен жеткізіледі. Жергілікті уақытпен сағат 9:30-да дәрігер Эриберто Вера оны қарап шығады. Арада екі сағатқа жуық уақыт өткенде, медик Дуартенің өлгенін анықтап, мұны оның күйеуі Максимино мен қызы Сандраға жеткізеді.

Дәрігер Вера сол жерде Дуартенің өлімі жөнінде сертификат дайындап, оның жатыр обасынан салдарынан қайтыс болғанын атап көрсетеді. Клиника персоналы әйел туыстарының рұқсатымен оның денесін мәйітке арналған қапшыққа салып, жерлеу бюросына жібереді.

Бюроның қожайыны «марқұмды» тексеріп қарай бастағанда, оның қозғалып кеткенін байқап қалады. Содан кейін ол Дуартене ауруханаға жөнелтіп, сол жерде дәрігерлердің бақылауына алдыртады.

Осыдан кейін Глэдистің қызы Сандра дәрігер Вераны салдыр-салақтығы мен біліксіздігі үшін айыптайды. «Науқасты дұрыстап тексермей, өлдіге санай салды, – деп шағымданды Дуартенің қызы. – Біз бұл клиникаға сеніп едік, сондықтан да осында жеткіздік. Бірақ олар емдеу орнына анамды аппараттан ажыратып, бірден жерлеу бюросына шығарып салды».

Қазір осы оқиға бойынша іс қозғалды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button