Қазақстанда коронавирус оқиғасы 1331-ге толды
АСТАНА. 16 сәуір. Астана уақыты бойынша 10:10 сағатта елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1331-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Кеше түнде жаңадан 5 оқиға тіркелген болатын. Ал бүгін азанда оған тағы 36 дерек қосылып, барлығы 41 болды. Олар мына қалалар мен аймақтардан тарады: Алматы қаласы – 13, Батыс Қазақстанг облысы – 7, Астана қаласы – 5, Қызылорда облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Шымкент қаласы – 3, Солтүстік Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 2, Ақтөбе облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1.
Қазіргі сағатта еліміздегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 393, Астана қаласы – 302, Қызылорда облысы – 131, Қарағанды облысы – 84, Ақмола облысы – 80, Атырау облысы – 70, Жамбыл облысы – 49, Түркістан облысы – 49, Шымкент қаласы – 43, Солтүстік Қазақстан облысы – 28, Алматы облысы – 25, Батыс Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 14, Маңғыстау облысы – 13, Павлодар облысы – 13, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Қостанай облысы – 5.
Осы кезге дейін республика бойынша 240 адам жазылып шықты. Олар мыналардың үлестеріне тиеді: Астана қаласынан – 136, Алматы қаласынан – 60, Атырау облысынан – 12, Ақмола облысынан – 8, Алматы облысынан – 7, Қызылорда облысынан – 4, Жамбыл облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 2, Ақтөбе облысынан – 2, Солтүстік Қазақстан облысынан – 1, Павлодар облысынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 1.
Қайтыс болғандар саны – 16. Бұлар Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (3), Алматы қаласында (2), Астана қаласында (2), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысы (1), Павлодар облысы (1), Шығыс Қазақстан облысы (1), Қостанай облысында (1) тіркелді.