ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Еңбек министрлігі 42 500 теңге қатысты 2 сауалға жауап берді

АСТАНА. 16 сәуір. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңге әлеуметтік төлемге қатысты жұртшылықты толғандыратын ең маңызды 2 сауалға жауап берді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Вице-министрдің Instagram парақшасында жазуынша, ел тұрғындарынан бірыңғай жиынтық төлемді уақытылы төлегенімен 42 500 теңге берілмейтіні туралы хабарлама алғандығына қатысты сауал жиі түсіп жатыр.

«Бірыңғай жиынтық төлем төленіп, белгілі бір себептермен оның бізге өтініштің өзінен кейін түсуіне қатысты мәселелер зерделенді және қарауға қайта жіберілді. Егер сіз өтінім берген кезде төленген бірыңғай төлемнің болмауына байланысты бас тартылғандығы туралы хабарлама келсе мәртебеңізді қайта тексеріңіз», – деді ол.

Тұрғындардан жиі түсетін сауал дұрыс есепшоты болғанымен сервис қате есепшот деп көрсететіндігі жайында болып отыр.

Осыған қарай Еңбек вице-министрі IBAN 20 таңбадан тұратындығын және оның бір таңбасы өзгерген жағдайда мүлдем басқа банктегі өзге есепшот болып шығатындығын айтады.

«Соған қарай төлем талабы өтпейді. Бірақ біз бұл өтінімдерді қайта қарадық және ендігі уақытта ережеге сәйкес, оларды есепшоттағы қате нөмірді алып бастап, ары қарай жібереміз. Егер сізге төлем тағайындалатын болса, онда есепшотты сұрап, СМС келеді. Жауап берген кезде әрбір сан мен әріптің (латын әліпбиінде) дұрыс екендігін міндетті түрде тексерулеріңізді өтінеміз», – деді Нариман Мұқышев.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button