Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар
Коронавирусты тоқтататын дәрінің тиімділігі расталды
МӘСКЕУ. 16 сәуір. Канада вирусологтары ремдесивир препаратының коронавируспен күресте тиімділік әкелетінін атап көрсетті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Осыған қатысты мақала Journal of Biological Chemistry журналында жарияланды.
Ғалымдар анықтағандай, дәрі SARS-CoV-2 вирусының ағзада көбеюіне тосқауы қоя алады.
Препарат коронавирус РНК құрылымына ұқсас Таяу Шығыстағы респиратор (MERS) синдромы мен SARS-COV типті пневмониясын емдеуде тестіден өткізілген. Енді ғалымдарға дәріні тағы бірқатар сынақтан өткізуге, соның ішінде адамдарға қолданып тура келеді. Өйткені, коронавирусты емдеуге арналған препаратты клиникалық сынақтан өткізгенге дейін пайдалануға болмайды.