Amazon басшысы бір күнде $6,4 млрд-қа байыған
НЬЮ-ЙОРК. 16 сәуір. Әлемдегі ең бай адам, Американың Amazon корпорациясының басшысы Джефф Безостың байлығы бір тәуліктің ішінде $6 млрд сомаға өсті. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Forbes журналының мәліметінше, компания акцияларының бағасы осындай рекордтық көрсеткішке жетуі нәтижесінде оның байлығы еселеп артып шыға келген.
Журналдың ақпарынша, сейсенбі күні Нью-Йорк қор биржасында әлемдегі ең ірі онлайн-ритейлерде акциялардың бағасы әр данасына рекордты $2238-ға өсіп, өсім 5,3%-ды құраған. Осылайша корпорация акциясының11,2%-на иелік етіп отырған Безостың байлығы шамамен $6,4 млрд-қа (5%-ға жуық) өсіп, барлығы $138 млрд-қа жеткен. Осымен бір мезгілде миллиардермен ажырасу нәтижесінде әлемдегі ең бай әйелдердің біріне айналған оның бұрынғы әйелі Маккензи Безостың байлығы сауда сессиясында $2,2 млрд-қа артып, барлығы $44,8 млрд-қа дейін көбейді.