АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 979-ға жетті

АСТАНА. 13 сәуір. Астана уақыты бойынша 14:30 сағатта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 979-ға жеткені анықталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Түстен бері вирус жұқтыруға қатысты 7 оқиға қосылды. Олардың 4-і – Астана қаласынан, 2-і – Шығыс Қазақстан облысынан, 1-і Солтүстік Қазақстан облысынан шықты.

Қазіргі сағатта еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 257, Алматы қаласы – 172, Қызылорда облысы – 119, Қарағанды облысы – 76, Ақмола облысы – 71, Атырау облысы – 59, Жамбыл облысы – 46, Түркістан облысы – 43, Шымкент қаласы – 38, Солтүстік Қазақстан облысы – 26, Алматы облысы – 21, Ақтөбе облысы – 11, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 10, Батыс Қазақстан облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Қостанай облысы – 3.

Осы аралықта тағы 11 адамның аурудан сауыққаны белгілі болды. Олардың қатарында Астанадан – 5, Атырау облысынан – 3, Қызылорда облысынан – 1, Маңғыстау облысынан 1 адам бар.

Сонымен, осы кезге дейін республика бойынша 110 адам жазылып шықты: Алматы қаласынан – 49, Астана қаласынан – 43, Атырау облысынан – 5, Жамбыл облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 2, Солтүстік Қазақстан облысынан – 1, Ақтөбе облысынан – 1 Павлодар облысынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Алматы облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 1, Қызылорда облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 1.

Бүгін тағы бір адам жанын тапсырды. Бұл жолы бақилық болған науқас Ақмола облысынан шықты.

Қайтыс болғандар саны – 12 (Ақмола облысы – 4, Алматы қаласы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1, Павлодар облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button