Қарағанды облысының есебіне 11 жұқтырушы қосылды
АСТАНА. 13 сәуір. Астана уақыты бойынша 11:10 сағатта Қарағанды облысында 11 адамнан коронавирус инфекциясы табылғаны анықталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Сонымен, барлық ауырғандар қатары 972-ге жетті.
Осы екі ортада Шығыс Қазақстан облысында 1 адам көз жұмды.
Қазіргі сағатта еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 253, Алматы қаласы – 172, Қызылорда облысы – 119, Қарағанды облысы – 76, Ақмола облысы – 71, Атырау облысы – 59, Жамбыл облысы – 46, Түркістан облысы – 43, Шымкент қаласы – 38, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Алматы облысы – 21, Ақтөбе облысы – 11, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 10, Батыс Қазақстан облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Қостанай облысы – 3.
Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 99 адам жазылып шықты: Алматы қаласынан – 49, Астана қаласынан – 37, Жамбыл облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 2, Атырау облысынан – 2, Солтүстік Қазақстан облысынан – 1, Ақтөбе облысынан – 1 Павлодар облысынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Алматы облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 1.
Қайтыс болғандар саны – 11 (Ақмола облысы – 3, Алматы қаласы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1, Павлодар облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1).