Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

28-дегі Неймардың анасы 22-дегі жігітпен жүріп жүр

ПАРИЖ. 13 сәуір. Француздың «Пари Сен-Жермен» футбол клубының 28 жастағы форварды Неймардың анасы 22 жасар киберспортшымен әуейі болып жүр. Бұл туралы Eurosport хабарлады.

UOL ақпарына қарағанда, Бразилия құрама командасы шабуылшысының анасы Надин Сантос Гонсалвестің өзінен тура 30 жас кіші киберспортшы Тьяго Рамоспен кездесіп жүргеніне біраз болып қалыпты.

«Түсіндіруге болмайтын нәрсені түсіндіріп қажеті жоқ», – деп жазыпты Гонсалвес әлеуметтік желіде осыған орай.

«Бақытты бол, мама, мен сені жақсы көремін», – деп бұған жауап қайтарыпты ұлы Неймар.

Бір қызығы, Неймардың әкесі Неймар Сантос та бұл таңдауға қолдау білдіріп, смайлик салып қойыпты.

Сол сияқты Неймар мен оның ықтимал өгей әкесі арасында да жақсы сыйластық орнапты. Анасының жігіті футболшының туған күн тойына қатысыпты.

Футболшының толық аты-жөні – Неймар да Силва Сантос Жуниор. Ол 1992 жылғы 5 ақпанда Бразилияның Можи-дас-Крузис деген қаласында туған. Кезінде әкесі Неймар Сантос та футболшы болған. Бірақ кейін зергерлікке ауысқан. Ал анасы Надин Гонсалвес еш уақытта жұмыс істемеген, үй шаруасымен айналысқан. Футболшының тағы Рафаэлла деген қарындасы да бар.

Неймар Францияның 2019/2020 жылдарғы чемпионатында 15 ойынға қатысып, 13 гол салып үлгерді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button