Қазақстанда вирусқа шалдыққандар саны 951 болды
АСТАНА. 12 сәуір. Астана уақыты бойынша 23:30 сағатта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тағы 40 адамға өсіп, барлығы 951-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Түнге қарай анықталған 40 оқиға мына аймақтарға тиесілі болды: Алматы қаласы – 20, Алматы облысы – 9, Түркістан облысы – 7, Астана қаласы – 2, Қызылорда облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1.
Қазіргі сағатта еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 251, Алматы қаласы – 165, Қызылорда облысы – 118, Ақмола облысы – 71, Қарағанды облысы – 65, Атырау облысы – 59, Жамбыл облысы – 46, Түркістан облысы – 43, Шымкент қаласы – 38, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Алматы облысы – 21, Ақтөбе облысы – 11, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 10, Батыс Қазақстан облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Қостанай облысы – 3.
Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 99 адам жазылып шықты: Алматы қаласынан – 49, Астана қаласынан – 37, Жамбыл облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 2, Атырау облысынан – 2, Солтүстік Қазақстан облысынан – 1, Ақтөбе облысынан – 1 Павлодар облысынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Алматы облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 1.
Қайтыс болғандар саны – 10 (Ақмола облысы – 3, Алматы қаласы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1, Павлодар облысы – 1).