Отбасы вирустан қашып, орманға кеткен
ЕКАТЕРИНБУРГ. 12 сәуір. Ресейдің Свердлов облысының Артеи ауданында тұратын үш балалы отбасы коронавирусқа шалдығып қалудан қорқып, орман арасына кеткен. Бұл туралы Ura.ru хабарлады.
Жұрт қазір қаупті аурудан сақтану үшін неше түрлі айла-тәсілді ойлап тауып, тіршілікте қолданып жатыр. Свердлов облысындағы Артем ауданының Красногвардейский кентінде тұратын ерлі-зайыптылар коронавирустан аман қалу үшін осылайша орманның қалың ортасын барып паналаған. Оларды артынан полицейлердің іздеп тауып алуларына тура келді.
Свердлов облыстық іші істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдымен полицияға Буланаш кентінде тұратын әйел шығып, өзінің інісінің әйелі мен жастары сегізден төртке дейінгі үш баласын алып, бір тәулік бұрын орманға кеткенін, содан бері олардан еш хабар жоқ екенін айтып, шағым жасаған. «Отбасының егесі коронавирустан сақтану үшін келіп бара жатқандарын хабарлайды. Олар өздерімен бірге біраз тамақ, ұялы телефон алып кетті, арасында азық-түлік алу үшін деревняға келіп тұратын болады. Ашық аспан астында ұйықтайды», – деді полициядағылар.
Полиция қызметкерлері жоғалып кеткен отбасы мүшелерін өздері тұратын кентке жақын жердегі орманның арасынан тауып алды.
Министрліктің мәліметінше, балалар қайтарылғаннан кейін бақылаудан өткізіліп, әлеуметтік көмек орталығына жатқызылған, жағдайлары қанағаттанарлық. Ал ата-аналары РФ Әкімшілік кодексінің 5.35-бабының 1-тармағы (ата-аналарының жастары кәмелетке толмаған балаларын бағып-қағу, тәрбиелеу, оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамауы) бойынша әкімгершілік жауапқа тартылған.