АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда коронавирусқа тап болғандар 880 болды

АСТАНА. 12 сәуір. Астана уақыты бойынша 09:00 сағатта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 15 адамға көбейіп, жалпы саны 880 болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Өткен тәуліктен бері анықталған осы 15 оқиға мына аймақтардан шықты: Алматы қаласы – 8, Шымкент қаласы – 3, Астана қаласы – 2, Маңғыстау облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1.

Қазіргі сағатта еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 233, Алматы қаласы – 145, Қызылорда облысы – 116, Қарағанды облысы – 63, Ақмола облысы – 61, Атырау облысы – 59, Жамбыл облысы – 46, Шымкент қаласы – 38, Түркістан облысы – 36, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 11, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 9, Батыс Қазақстан облысы – 8, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Қостанай облысы – 3.

Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 81 адам жазылып шықты. Олардың 37-сі – Алматы қаласынан, 34-і  – Астана қаласынан, 3-і – Жамбыл облысынан, 2-і – Шымкент қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан, 1-і – Павлодар облысынан, 1-і – Қарағанды облысынан.

Қайтыс болғандар саны – 10 (Ақмола облысы – 3, Алматы қаласы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1, Павлодар облысы – 1).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button