Меркі ауруханасының басшылары қызметтерінен қуылды
ТАРАЗ. 11 сәуір. Дәрігерлердің шағымы бойынша Жамбыл облысы Меркі аудандық ауруханасының басшылығы қызметтерінен қуылды. Бұл туралы «Ратель» хабарлады.
Ұжымда шынында да моральдық-психологиялық ахуал қолайсыз болып шықты.
Мұны тексеру барысы көрсетті. 11 сәуір күні Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Меркі аудандық ауруханасының медициналық персоналымен және аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында медицина мекемесі қызметкерлерінің шағымдары бойынша жүргізілген тексерудің қорытындысы шығарылды. Комиссия аудандық ауруханада тексеру жүргізді. Соның ішінде дәрігерлер Т. Ордабаева мен К. Төреқұлдың үндеулерінде атап көрсеткен кемшіліктердің жай-күйі анықталды.
Тексеру қорытындысында көптеген деректердің расталғаны айтылды. Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал нашар, өз кезегінде оның ықпалы бірінші кезекте емдеу мекемесі басшылығының кәсіби міндеттеріне жауапсыз қарауына апарып соқтырған.
Осыған байланысты жіберген кемшіліктері үшін аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Д. Нүсіпбаев, бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Шойбекова және бас есепші З. Мұқаева қызметтерінен босатылды.
Облыс әкімінің орынбасары тексеру материалдары қарап, тиісті шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына тапсырылатынын жеткізді.
Ержан Жылқыбаев сондай-ақ аудандық аурухананың жаңа бас дәрігері Райқұл Нұржановты таныстырды.
Жылқыбаев дәрігерлер Т. Ордабаева мен К. Төреқұлдың өздеріне әлдеқандай бір заңға қарама-қайшы әрекеттер жасалуынан қорықпауына болатынын айтты, олар облыс басшылығының қорғауында болады.
Облыс әкімінің орынбасары бұдан бөлек облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі мен аудан әкімінің жеке жауапкершіліктері мәселесі қаралатынын атап көрсетті.