АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 840-қа жетті

АСТАНА. 11 сәуір. Астана уақыты бойынша 10:00 сағаттағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус кеселіне ұшырағандардың саны 840-қа жеткені белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Бүгін таңертең тағы 28 оқиға қосылды. Бұлардың 11-і Қызылорда облысынан, 11-і Атырау облысынан, 5-і Алматы қаласынан, 1-і Астана қаласынан шықты.

Қазіргі сағатта еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 229, Алматы қаласы – 128, Қызылорда облысы – 116, Ақмола облысы – 61, Қарағанды облысы – 61, Атырау облысы – 59, Жамбыл облысы – 46, Түркістан облысы – 35, Шымкент қаласы – 31, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Маңғыстау облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 6, Павлодар облысы – 4, Қостанай облысы – 3.

Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 64 адам жазылып шықты. Олардың 31-і  – Астана қаласынан, 28-і – Алматы қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан, 1-і – Жамбыл облысынан, 1-і – Павлодар облысынан.

Қайтыс болғандар саны – 10 (Ақмола облысы – 3, Алматы қаласы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1, Павлодар облысы – 1).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button