ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Елімізде медициналық тұмылдырыққа шекті баға қойылды

АСТАНА. 11 сәуір. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын медициналық тұмылдырықтың шекті бағасы белгіленді. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Бұйрық Сауда және интеграция, Ұлттық экономика және Денсаулық сақтау министрлерінің бірлескен бұйрығымен шығарылды. Онда Қазақстандағы медициналық тұмылдырықтың (масканың) шекті бағасы атап көрсетілді.

Аталмыш құжатқа сәйкес, медициналық масканың біреуінің шекті бағасы 118 теңгені құрайды.

Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды денсаулық сақтау, сауда және интеграция, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрлері жүзеге асырады.

Бірлескен бұйрық 9 сәуірден бастап күшіне енді.

Оның орындалуын жоғарыда аталған салалық министрлердің орынбасарлары қадағалайтын болады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button