Қызылорда облысында инфекцияға іліккендер 92-ге жетті
АСТАНА. 9 сәуір. Астана уақытымен сағат 10:00 сағаттағы эпидемиологиялық жағдай Қызылорда облысында коронавирус жұқтырып алған адамдардың саны 92-ге жеткенін көрсетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Сонымен, Қазақстан бойынша жалпы көрсеткіш 759-ға барды. Бұл кеше түннен бері тағы тағы 32 адамның науқасқа ұшырағанын көрсетіп отыр. Бұлардың 13-і – Ақмола облысынан, 7-і – Қызылорда облысынан, 4-і – Шымкент қаласынан, 3-і – Атырау облысынан, 2-і – Қарағанды облысынан, 1-і Алматы қаласынан шығып отыр.
Қазір еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 223, Алматы қаласы – 120, Қызылорда облысы – 92, Қарағанды облысы – 57, Ақмола облысы – 56, Жамбыл облысы – 45, Атырау облысы – 39, Түркістан облысы – 34, Шымкент қаласы – 27, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 6, Қостанай облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1.
Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 54 адам жазылып шықты. Олардың 29-ы – Астана қаласынан, 23-і – Алматы қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан.
Қайтыс болғандар саны – 7 (Ақмола облысы – 3, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1).