COVID-19: Шиелі ауданында 47-ші науқас тіркелді
ҚЫЗЫЛОРДА. 9 сәуір. Кеше түнде сағат 22:40-та Қызылорда облысы Шиелі ауданында 47-ші адамның коронавирус кеселін жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы kyzyzlorda-news.kz хабарлады.
Кеше облыс көлемінде анықталған 9 оқиғаның бәрі Шиелі ауданынан шыққан екен.
«Ауру жұқтырған 9 науқастың барлығы Шиелі ауданында тіркелді. Олардың үшеуі – ер адам, алтауы – әйел адам. Ең жасы – 2012 жылы туған қыз бала, ең үлкені – 1944 жылғы ер кісі. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген алгоритмге сәйкес сырқаттармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды», – деп мәдімдеді денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
Осы кезге дейін облыс бойынша 85 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болып отыр. Олардың 41-сі – Шиелі ауданынан, 16-сы – Жаңақорған ауданынан, 9-ы – Қызылорда қаласынан, 7-і – Сырдария ауданынан, 4-і – Қармақшы ауданынан, 2-і Арал ауданынан шыққан.