АймақЖаңалықтар жаңғырығы

COVID-19: «Қодаманов» ауылы вирустың ошағы болып тұр

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 сәуір. Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Қодаманов» ауылы бүкіл аймақ бойынша коронавирустың басты ошағына айналып отыр. Бұл туралы Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Кеше түннен бері облыста тағы 7 вирус жұқтыру дерегі анықталды. Олардың 5-і – Шиелі ауданынан, 1-і – Сырдария ауданынан, 1-і Қызылорда қаласынан шықты. Сөйтіп, аймақ бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырып алғандар саны 92-ге жетті.

Қазіргі сағатта Шиелі ауданында – 52, Жаңақорған ауданында – 16, Қызылорда қаласында – 10, Сырдария ауданында – 8, Қармақшы ауданында – 4, Арал ауданында 2 оқиға тіркелген.

Облыстағы 92 оқиғаның 52-сі Шиелі ауданында орын алған. Бұл – облыс көрсеткішінің 56,5 пайызы.

Ал Шиелі ауданында осы 52 деректің 42-сі, яғни 80,7 пайызы Төңкеріс ауылдық округіне, яғни «Қодаманов» ауылына тиесілі болып отыр.

Сонымен, Шиелі ауданында бұл цифрлар былайша бөлініске түседі: «Қодаманов» ауылы – 42, «Балаби» ауылы – 5, Шиелі кенті – 3, «Ортақшыл» ауылы – 1, «Жиделіарық» ауылы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button