Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Министрлікті әшкерелеген дәрігер қыспаққа алына бастады

ТАРАЗ. 9 сәуір. Коронавирусқа байланысты ұйымдастыру шараларын дұрыс ұйымдастыра алмай отырған Денсаулық сақтау министрлігін сынға алып, пост жазған тараздық дәрігердің басына бұлт үйіріле бастаған сияқты. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Қатардағы инфекционист дәрігер Толқынай Ордабаеваның сынына министр Елжан Біртановтың өзі елең етті.

Иә, біздің қоғам мұндайды кешіре алмайды. Сынды көтере алмайтын шенеуніктер толып жатыр…

«Бүгін елді шулатқан пост жазып, бірден министр Біртановтың өзін елең еткізген инфекционист дәрігер Толқынай Ордабаеваны аяқтан шалып тастауға тырысатындар іске кірісіп кеткен сияқты», деп жазады telegram-дағы «НЕхабар» арнасы.

Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің өзіне тән жұмыс стилі. Өйткені, қоғамның өзі осындай. Айтуларынша, дәрігерді жазықты етіп шығару үшін оны аяқтан шалатын күйкі тірліктер ұйымдастырылып жатқан секілді.

Мұны Ордабаеваның төмендегі жазбасы да айғақтай түседі. Ол Instagram-дағы сторизінде өзінің тумбасына әлдекімдердің қолымен «400 тұмылдырық салынып қойылғанын» және жан-жақтан түрлі жала жабыла бастағанын жазады.

Біздің деңгейіміз осындай енді! Сыннан қорытынды шығару орнына сол жөн сын айтқан адамды ит қосып қууға дайын тұрамыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button