Қазақстанда вирус жұқтырғандар 704-ке жетті
АСТАНА. 8 сәуір. Астана уақытымен бүгін сағат таңертеңгі 08:45-те Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адамның болғаны анықталып, жалпы саны 704-ке толды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Анықталған 7 оқиғаның 4-і Атырау облысына, 3-і Қызылорда облысына тиесілі болды.
Сонымен, республикадағы 704 вирус жұқтыру дерегі аймақтар бойынша былай бөлінді:
Астана қаласы – 222, Алматы қаласы – 119, Қызылорда облысы – 69, Қарағанды облысы – 55, Жамбыл облысы – 45, Ақмола облысы – 42, Атырау облысы – 36, Түркістан облысы – 33, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Шымкент қаласы – 20, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 5, Қостанай облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1.
Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 51 адам жазылып шықты. Олардың 28-і – Астана қаласынан, 21-і – Алматы қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан.
Қайтыс болғандар саны – 6 (Ақмола облысы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1).