Шиелі ауданында коронавирус жұқтырғандар 35-ке жетті
ҚЫЗЫЛОРДА. 7 сәуір. Бүгін түнде Қызылорда облысының Шиелі ауданында коронавирус жұқтырып алғандар саны 35-ке жетті. Бұл туралы Шиелі ауданы ішкі саясат бөлімінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.
Астана уақытымен 23 сағат 40 минуттағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, тағы 12 вирус жұқтырушының қосылғаны анықталды. Олардың барлығы Қызылорда облысынан болып шықты. Сол 12-нің 11-і Шиелі ауданының еншісіне тиеді. Бұдан бөлек, Арал ауданынан 1 оқиға аян болды.
Қызылорда облысындағы коронавирустың басты ошағы Шиелі ауданы болып тұр. Бұл ауданда тек бүгінгі күннің өзінде 24 науқас тіркелді.
Сонымен, Қызылорда облысында коронавирус жұқтырушылар саны – 66-ға жетті. Бұлардың 35-і Шиелі ауданынан, 16-сі Жаңақорған ауданынан, 9-ы Қызылорда қаласынан, 1- Сырдария ауданынан, 1-і Арал ауданынан табылып отыр.