АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Елімізде індетке шалдыққандар 685-ке жетті

АСТАНА. 7 сәуір. Қазақстанда Астана уақытымен бүгін сағат 17:00-де коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары тағы 15 адамға артып, жалпы саны 685-ке барды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Жоғарыдағы 15 оқиғаның 7-і Қарағанды облысынан, 5-і Жамбыл облысынан, 2-і Қостанай облысынан, 1-і Шымкент қаласынан шықты.

Сонымен, республикадағы 685 вирус жұқтыру дерегі аймақтар бойынша былай бөлінді:

Астана қаласы – 222, Алматы қаласы – 119, Қарағанды облысы – 55, Қызылорда облысы – 54, Жамбыл облысы – 45, Ақмола облысы – 42, Түркістан облысы – 33, Атырау облысы – 32, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Шымкент қаласы – 20, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 5, Қостанай облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1.

Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 50 адам жазылып шықты. Олардың 27-сі – Астана қаласынан, 21-і – Алматы қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан.

Қайтыс болғандар саны – 6 (Ақмола облысы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button