Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 12-ге өсті
АСТАНА. 7 сәуір. Астана уақытымен бүгін сағат түнгі 23:40-та Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары тағы 12 адамға артып, республика бойынша жалпы көрсеткіштің 697 болғаны анықталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Сонымен, республикадағы 697 вирус жұқтыру дерегі аймақтар бойынша былай бөлінді:
Астана қаласы – 222, Алматы қаласы – 119, Қызылорда облысы – 66, Қарағанды облысы – 55, Жамбыл облысы – 45, Ақмола облысы – 42, Түркістан облысы – 33, Атырау облысы – 32, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Шымкент қаласы – 20, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 5, Қостанай облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1.
Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 51 адам жазылып шықты. Олардың 28-і – Астана қаласынан, 21-і – Алматы қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан.
Қайтыс болғандар саны – 6 (Ақмола облысы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1).