Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 670 адам болды
АСТАНА. 7 сәуір. Қазақстанда Астана уақытымен бүгін таңертең сағат 08:35-те коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың кешелі 19 оқиғаға өсіп, жалпы саны 670-ке жеткені белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Жоғарыдағы 19 деректің 9-ы Қызылорда облысының, 5-і Жамбыл облысының, 3-і Атырау облысының, 1-і Астана қаласының, 1-і Түркістан облысының еншісіне тиеді.
Сонымен, республикадағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 670 вирус жұқтыру оқиғасы аймақтарға былай бөлініп отыр:
Астана қаласы – 222, Алматы қаласы – 119, Қызылорда облысы – 54, Қарағанды облысы – 48, Ақмола облысы – 42, Жамбыл облысы – 40, Түркістан облысы – 33, Атырау облысы – 32, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Шымкент қаласы – 19, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 5, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Қостанай облысы – 1.
Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 47 адам жазылып шықты. Олардың 24-і – Астана қаласынан, 21-і – Алматы қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан.
Қаза тапқандар саны – 6 (Ақмола облысы – 2, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1).