АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда коронавирусқа іліккендер саны 651-ге жетті

АСТАНА. 6 сәуір. Қазақстанда бүгін түнге қарай коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары 651-ге дейін өсті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Осы аралықта тағы 22 адамнан инфекция табылғаны белгілі болды. Олардың 8-і Қызылорда облысынан, 5-і Шымкент қаласынан, 4-і Түркістан облысынан, 3-і Алматы қаласынан, 2-і Астана қаласынан шықты.

Сонымен, бір тәулік ішіндегі көрсеткіш 77 оқиғаға тоқталды. Бұлардың 21-і Ақмола облысында, 17-сі Қарағанды облысында, 8-і Қызылорда облысында, 7-і Жамбыл облысында, 5-і Шымкент қаласында, 4-і Түркістан облысында, 3-і Алматы қаласында, 2-і Маңғыстау облысында, 2-сі Астана қаласында, 1-і Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.

Ал осы кезге дейінгі 651 дерек облыстар мен қалалар бойынша былай іріктеліп отыр:

Астана қаласы – 221, Алматы қаласы – 119, Қарағанды облысы – 48, Қызылорда облысы – 45, Ақмола облысы – 42, , Жамбыл облысы – 35, Түркістан облысы – 32, Атырау облысы – 29, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Шымкент қаласы – 19, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 5, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Қостанай облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button