COVID-19: Қызылорда облысында Шиелі бірінші болып тұр
ҚЫЗЫЛОРДА. 7 сәуір. Қызылорда облысында кеше түнде анықталған 5 індет жұқтырушы да Шиелі ауданынан шығып, 24-ші науқас тіркелді. Бұл туралы Шиелі ауданы ішкі саясат бөлімінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.
Жалпы, кешеден бері бұл ауданға 13 осындай дерек қосылып, бірден 24-ке дейін жетті.
Өткен тәулік ішінде Қызылорда облысы бойынша тағы 4 оқиға орын алып, қазіргі сағатта оның жалпы саны 54-ке барды. Бұлардың 3-і – Қызылорда қаласынан, 1-і Сырдария ауданынан шықты. Осылайша, «жаман тұмау» тараған өңірлердің қатарынан Сырдария ауданы да табылды.
Сонымен, осы пәйтте Шиелі ауданында – 24, Жаңақорған ауданында – 16, Қызылорда қаласында – 9, Қармақшы ауданында – 4, Сырдария ауданында 1 оқиға тіркеліп отыр.
Шиелі ауданындағы деректердің 17-сі – Шиелі кентінің, 6-ы – Төңкеріс ауылдық округінің, 1-і Ортақшыл ауылдық округінің еншісіне тиеді.