Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Тәжікстан футбол чемпионатын бастап кетті

ДУШАНБЕ. 6 сәуір. Тәжікстан пандемияға қарамастан, өткен сенбі күні футбол чемпионатын бастап кетті. Бұл туралы «Голос ислама» хабарлады.

Сөйтіп, Памир тауларының етегін жайлаған жұрт футбол чемпионатын жалғастырып келе жатқан санаулы елдердің қатарына қосылды.

Сенбі күні Душанбенің «Истиклолы» мен «Худжанд» командасы суперкубокты өзара сарапқа салды. Нәтижесінде душанбеліктер 2:1 есебімен жеңіске жетіп, өзінің атағын сақтап қалды.

Дегенмен, матчты ұйымдастырушылар вирус пандемиясына қатысты сақтану шарасын қолданып, оны жанкүйерлерсіз өткізді.

Екі команданың ойыншылары мен қызметкерлері финалдық ысқырық естілгеннен кейін, ресми тұлғалар медальдар тапсырғанға дейін бір-бірлеріне қол ұсынып, емін-еркін араласып кетті.

Қазір әлемдегі бірнеше ел ғана ұлттық чемпионаттарын тоқтатпай, одан әрі жалғастырып келеді. Бұлардың қатарында Беларусь, Никарагуа және Бурунди ғана бар. Бұл елдер шетелдік фанаттардың назарын өздеріне аударып отыр.

АҚШ-тың Джон Хопкинс университетінің мәліметтеріне сәйкес, Тәжікстанда әлі күнге дейін жаңа коронавиру инфекциясының бірде-бір фактісі тіркелген жоқ.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button