Поляктар да COVID-19-ға ем тапқандарын айтты
КРАКОВ. 5 сәуір. Польшаның Краков қаласындағы Ягеллония университетінің ғалымдары коронавирус инфекциясының жұғуын қатты баяулататын зат жасап шығарғандарын мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
«Біз ойлап шығарған нәрсе әлемдік ауқымдағы инновациялық жаңалық болып табылады», – деді журналистерге вирусолог профессор Кшиштоф Пырч.
Зерттеушілер алынған нәтиженің «дәрі жасап шығарудағы көп үміт күттіретін бірінші қадам» болып табылатынын жеткізді.
Ягеллония университетіндде жасалған зат НТСС деген атауы бар химиялық қосынды көрінеді. Оның коронавирустың, сондай-ақ одан гөрі қатері аз MERS-CoV вирусының жұғуын кілт кідіртетіні айтылып жатыр.
HTCC препараты патенттелген, ол осының алдында жан-жануарларға қолданылыпты, бірақ адамдарға пайдалануға қатысты әлі қолдау алмаған.