Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Бокс: Еуропа ойындарының бірінші күнгі чемпиондары анықталды

КРАКОВ. 2 шілде. Кеше түнде Польшаның Краков қаласында өтіп жатқан III Еуропа ойындарының шеңберіндегі бокс турнирінде бірінші финалдық шайқастар аяқталды. Бұл туралы поляк таблоидтарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Былғары қолғап шеберлерінің сайысы Краков түбіндегі Нова-Тырг қаласында өтуде. Турнир 22 маусымда басталды. Оған құрлықтың 42 елінен 325 атлет қатысты. Олар 13 салмақ дәрежесі бойынша (ерлер – 7, әйелдер – 6) медальдарды сарапқа салуда.

Еске сала кетейік, осы Ойындарда жүлделі орындардан көрінген спортшылар 2024 жылғы Париж Олимпиялық ойындарына лицензия алады. .

1 шілде күні әйелдердің 54, 60 және 66 келіге дейінгі, ерлердің 51, 63,5, 80 және 92 келіге дейінгі салмақтардағы үздіктері чемпиондық атақты сарапқа салды.

Финалдық жек-жектер мынадай нәтижелер әкелді:

Әйелдер. 54 кг. Станимира Петрова (Болгария) – Ленуцэ Перижоц (Румыния) 5:0. 60 кг. Келли Харрингтон (Ирландия) – Наталья Шадрина (Сербия) 5:0. 66 кг. Бусеназ Сурменели (Түркия) – Ошин Дерьюв (Бельгия) 5:0.

Ерлер. 51 кг. Биллал Беннама (Франция) – Самет Гюмюш (Түркия) 4:1. 63,5 кг. Софьян Оумиха (Франция) – Лаша Гурули (Сакартвело) 4:1. 80 кг. Олександр Хижняк (Украина) – Габриэл Веочич (Хорватия) ТКО2. 92 кг. Азиз Аббес Моухаддин (Италия) – Джек Марлей (Ирландия) 5:0.

Бүгін әйелдердің 50, 57 және 75 келіге дейінгі, ерлердің 57, 71 келіге дейінгі және 92 келіден ауыр салмақтардағы мықтылары алтын медаль үшін күш сынасады.

Бүгін сондай-ақ Ойындардың ресми жабылу салтанаты болады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button