Індетке ұшырағандарға тағы 15 адам қосылды
АСТАНА. 5 сәуір. Қазақстанда бүгін Астана уақытымен сағат 22:15-те коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатарына тағы 15 адам қосылып, барлығы 584-ке жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Бүгін кешке қарай Қызылорда облысында – 6, Атырау облысында – 6, Алматы қаласында –1, Қарағанды облысында – 1, Шымкент қаласында – 1, Ақтөбе облысында 1 жаңа оқиға тіркелді. Антирекорд жалғасып жатыр.
Осылайша соңғы тәулік ішінде «тентек тұмауға» тап болғандар қатары 84-ке толды. Олар аймақтар бойынша мынадай сипат алды: Жамбыл облысында – 19, Астана қаласында – 17, Қызылорда облысында – 11, Алматы қаласында – 7, Атырау облысында – 7, Түркістан облысында – 6, Қарағанды облысында – 6, Ақмола облысында – 4, Ақтөбе облысында – 4, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында 1 оқиға орын алды.
Сонымен, 584 деректің аймақтар бойынша бөлінісі мынадай: Астана қаласы – 219, Алматы қаласы – 116, Қызылорда облысы – 37, Қарағанды облысы – 32, Атырау облысы – 29, Түркістан облысы – 28, Жамбыл облысы – 28, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақмола облысы – 23, Шымкент қаласы – 14, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Маңғыстау облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Қостанай облысы – 1.
Осы аралықта 42 науқас ауруларынан сауығып шықты. Олар: Астана қаласынан – 23, Алматы қаласынан – 19.
Сол сияқты 6 адам опат болды. Олар: Ақмола облысынан – 2, Астана қаласынан – 1, Шымкент қаласынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Түркістан облысынан – 1.