Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Ата-ана үйге келгенде 5 баланың өліп жатқанын көрді

НЬЮ-ЙОРК. 5 сәуір. АҚШ-тың Джорджия штатындағы Картерсвилл қаласында кешке жұмыстан қайтқан ата-аналар үйде өздерімен өздері қалған бес баласының өлігі үстінен түсті. Бұл туралы РЕН ТВ хабарлады.

Қаза тапқан балалардың жастары 3-тен 12-ге дейін екен.

The Sun газеті балалар өлімінің себебі әлі анықтала қоймағанын жазды. Ал сойып көрудің қорытындысы кем дегенде алдағы төрт айға дейін айтылмайды.

Бірқатар мәліметтерге қарағанда, балалар түтіннен шығатын иістен уланып қалған сияқты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button