АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Коронавирус: бүгін таңертең тағы 20 дерек қосылды

АСТАНА. 5 сәуір. Қазақстанда бүгін таңертең тағы 20 адамның коронавирус инфециясын жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Бұлардың арасында Жамбыл облысынан – 17, Түркістан облысынан – 2, Шығыс Қазақстан облысынан 1 адам бар.

Сонымен, соңғы тәулік ішінде «тентек тұмауға» тап болғандар қатары 51-ге жетті. Олардың арасында Жамбыл облысынан – 19, Астана қаласынан – 17, Қызылорда облысынан – 4, Ақтөбе облысынан – 3, Түркістан облысынан – 2, Алматы қаласынан – 1, Шымкент қаласынан – 1, Алматы облысынан – 1, Ақмола облысынан – 1, Шығыс Қазақстан облысынан – 1, Қарағанды облысынан 1 оқиға орын алды.

Осылайша Қазақстан бойынша 551 адамның инфекция жұқтырып алғаны анықталды.

Бұлардың облыстар бойынша қорытынды үлес-салмақтары мынандай:

Астана қаласы – 219, Алматы қаласы – 110, Қызылорда облысы – 30, Жамбыл облысы – 28, Қарағанды облысы – 27, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 25, Атырау облысы – 22, Ақмола облысы – 20, Шымкент қаласы – 13, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Маңғыстау облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Қостанай облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button