АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Елімізде коронавирус жұқтырғандар 531-ге жетті

АСТАНА. 5 сәуір. Қазақстанда сағат 09:15-те коронавирус инфециясын жұқтырған адамдар саны 531-ге жеткені белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Соңғы тәулік ішінде тағы 31 адамның індет инфекциясы табылды. Олардың 17-сі – Астана қаласынан, 4-і – Қызылорда облысынан, 3-і – Ақтөбе облысынан, 2-і – Жамбыл облысынан, 1-і – Алматы қаласынан, 1-і – Шымкент қаласынан, 1-і – Алматы облысынан, 1-і Ақмола облысынан, 1-і Қарағанды облысынан болып шықты.

Сонымен, қазіргі сағатта аймақтардың көрсеткіштері мынадай болып отыр:

Астана қаласында – 219, Алматы қаласында – 119, Қызылорда облысында – 30, Қарағанды облысында – 27, Солтүстік Қазақстан облысында – 25, Түркістан облысында – 23, Атырау облысында – 22, Ақмола облысында – 19, Шымкент қаласында – 13, Жамбыл облысында – 11, Алматы облысында – 10, Ақтөбе облысында – 10, Шығыс Қазақстан облысында – 4, Маңғыстау облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Қостанай облысы – 1 адам.

Қазірге дейін 4 адам індеттен қайтыс болды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button