Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Үнді елінің босаған жағажайларын тасбақалар басып қалды

НЬЮ-ДЕЛИ. 4 сәуір. Үндістан елі карантинге жабылып, жұрт сыртқа шыға алмай қалған кезде мұхиттың жағалауларында теңіз тасбақалары қаптап кетті. Бұл туралы delfi.ee хабарлады.

«Үндістан жұрты үйлерінде қамалып отырғанда, теңіз тасбақалары шағылысу үшін босап қалған жағажайларды басып қалды», – деп жазды сайт.

Коронавирус пандемиясы мен адамдар қозғалысының шектеле түсуі табиғатқа қолайлы әсер ете бастады. Шығыс Үндістанның тұрғындары соңғы жылдардағы өте сирек құбылыс – теңіз тасбақаларының Одиш штаты аумағындағы мұхит жағалауына жұмыртқа қалдырып жатқандарын байқап жүр.

Жүз мыңдаған зәйтүн тасбақалары бірнеше күн бойы ұя салып, оған жұмыртқаларын қалдыру үшін жағалауға қарай ұмтылды. Бұрынғы кездер болса, бұл туристер топтарының назарын аударып кететін еді. Бұл тасбақалардың әрекетіне кедергі келтіреді. Бұдан бөлек, жағажайдарда сол кездері браконьерлікке де жол берілетін: жұрт жұмыртқаларды ұрпап әкетіп, базарларда апарым сатып жүретін.

Биылғы жылы жергілікті күзет органдары тасбақалардың шағылысулары ешбір қауіпсіз өтуіне барлық мүмкін болған жағдайларды жасап жатыр. Мамандар қазір бұл қос мекенділердің осы кезге дейін жалпы саны 60 миллионға дейін жұмыртқа қойып үлгергенін айтады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button