Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Үндістанда егіз балалар Ковид және Корона деп аталды

НЬЮ-ДЕЛИ. 4 сәуір. Үндістанның Райпур провинциясындағы Чхаттисгарх қаласында егіз болып дүниеге келген екі балаға Ковид және Корона деген есімдер қойылды. Бұл туралы Metro газеті хабарлады.

Балаларына елде болып жатқан әртүрлі оқиғаларға байланысты ат қоятын дәңгәсалар тек қазақ арасында ғана кездесе ме десек, ондайлар үнді жерінде де бар екен. Мына егіз бала қазір дүниені дүрліктіріп жатқан коронавирус пандемиясының құрметіне осылай қойылған болып шықты.

Басылымның хабарлағанындай, бірі – ұл, бірі қыз егіздер жұбы 27 наурыз күні ішті жарып алу арқылы өмірге келіпті.

Ата-аналарының ойынша, балалардың аттары елдің осындай қиындықтан өткенін кейін еске түсіріп тұратын болады-мыс.

«Коронавирус – өте қауіпті кесел, бірақ соның арқасында жұрт тазалық пен гигиенаға көбірек көңіл бөле бастады. Біздің өз балаларымызды Корона және Ковид деп атауымызда осындай сыр бар», – деп түсіндірді егіздердің анасы Прити Верма.

«Біз бұл ат туралы басынан ойландық. Ал бүкіл аурухана персоналы балаларды Корона және Ковид деп атай бастағанда, біз де оларды пандемияның құрметіне солай атауға шешім еттік», – деді сосын әйел.

Егіздердің ата-анасы сонымен қатар эпидемияның қарқыны басылғаннан кейін балалардың аттарын өзгертулері мүмкін екенін де айтты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button