Жетісайда бір адам коронавирустан қайтыс болды
ТҮРКІСТАН. 4 сәуір. Түркістан облысының Жетісай ауданында тұратын бір адам коронавирус сырқатынан қайтыс болды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Қапыл қазаға ұшыраған кісі бұдан бір ай бұрын Алматы облысының Қарасай ауданында қонақта болып келгенін жұрттан жасырып жүрген екен.
Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері Нұрымбет Нышанов аймақтағы коронавирустан қайтыс болған алғашқы науқас туралы егжей-тегжейлі айтып берді
«Ер адам Алматы облысының Қарасай ауданында бір ай қонақта болған, онысын жасырып, айтпаған. Ол 15 наурызда автобусқа отырып, туған жеріне оралған, ал 26 наурызда ол өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен. Ол Жетісай аудандық ауруханасының терапиялық бөлімінде ем алған»,- деді Нышанов.
Сонымен бірге, облыстың бас санитарлық дәрігері емдеу нәтиже бермегенін, қайта науқастың жағдайы нашарлай түскенін айтты.
«Осыдан кейін, 29 наурызда науқаста пневмония өршіп, ентігіп, тыныс алуы ауырлап, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Оның сондай-ақ қант диабетімен ауыратыны да сол кезде белгілі болды. Зертханалық зерттеулерден кейін пациенттің COVID-19 вирусын жұқтырып келгені анықталды. Онымен тығыз байланыста болған 25, одан бөлек тағы 40 адам анықталды», – деді бас санитарлық дәрігер.
Қайтыс болған ер кісі Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны екенін белгілі болды.
Осымен Қазақстанда төртінші адам «тентек тұмаудан» қайтыс болып отыр.