АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда коронавирус тарауы 500-ге жетті

АСТАНА. 4 сәуір. Қазақстанда сағат 09:15-те коронавирус инфециясын жұқтырған адамдар саны 500-дің белдеуіне келді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Соңғы тәулік ішінде тағы 36 адамның ауырғаны анықталды. Олардың 16-сы – Алматыдан, 7-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 4-і – Қарағанды облысынан, 2-і – Атырау облысынан, бір-бірден – Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан және Шымкент қаласынан.

Тағы бір адам Түркістан облысында қайтыс болды.

Осыдан кейін Қазақстан бойынша мынадай көрініс келтіріліп отыр:

Астана қаласында – 202, Алматы қаласында – 109, Қызылорда облысында – 26, Қарағанды облысында – 26, Солтүстік Қазақстан облысында – 25, Түркістан облысында – 23, Атырау облысында – 22, Ақмола облысында – 19, Шымкент қаласында – 12, Алматы облысында – 9, Жамбыл облысында – 9, Ақтөбе облысында – 7, Шығыс Қазақстан облысында – 4, Маңғыстау облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Қостанай облысы – 1 адам.

Жазылып шыққандар – 29, қайтыс болғандар – 4 (Астана қаласы, Ақмола облысы, Қарағанда облысы, Түркістан облысы).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button