АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда «тентек тұмауға» телінгендер саны 464 болды

АСТАНА. 4 сәуір. Кеше түнде Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 464-ке жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Астана уақытымен кеше түнде сағат 21:30-дағы эпидемиологиялық  жағдай бойынша, COVID-19 кеселіне ұшыраған тағы 4 адамның дерегі анықталды. Олардың 3-і – Астанадан, 1-і Маңғыстау облысынан табылды.

Енді Қазақстан бойынша 464 науқастың аймақтардағы үлесі мынадай болып отыр:

Астана қаласында – 202, Алматы қаласында – 93, Қызылорда облысында – 26, Қарағанды облысында – 22, Атырау облысында – 20, Ақмола облысында – 19, Түркістан облысында – 19, Солтүстік Қазақстан облысында – 18, Шымкент қаласында – 11, Алматы облысында – 9, Жамбыл облысында – 8, Ақтөбе облысында – 7, Шығыс Қазақстан облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 2, Маңғыстау облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Қостанай облысы – 1 адам.

Жазылып шыққандар – 29, қайтыс болғандар – 3 (Астана қаласы, Ақмола облысы, Қарағанда облысы).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button