Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Зімбірдің құны неге қара уылдырықтың бағасына барды?

КАЛУГА. 3 сәуір. «Тентек тұмаудың» өршіп тұрған кезінде имбирьдің, яғни зімбірдің бағасы қара уылдырықтың құнымен бірдей болып кетті? Бұл туралы kaluga-poisk.ru арнайы мәселе көтерді.

«Дүкендерде зімбірдің бағасы бірнеше рет өсіп кетті. Бірақ осының өзі сөрелердің босап қалып жатуын тоқтата алмады», – деп атап өтті «Астрахань 24» сайты.

Осы кезде «Калуга-поиск» порталы оқырмандарға соңғы 3 күннің ішінде оның жергілікті дүкендердегі бағасының алдымен 600 рубльден 1800-ге, сосын 2500-ге, артынша 3500-ге өскенін әңгімелеп берді. Сауда нүктелерінің сатушылары неліктен бұлай болып жатқаны жайлы сұраққа тек екі қолын екі жаққа жайып қана жауап береді – «Сұраныс ұсынысты туғызады». Ал бұл спецификалық өсімдіктің тамырына деген сұраныс шынында ұдайы артып келеді. Алайда, саудагерлер бағаны әуелі бұйымды жеткізіп берушілердің көтере түскенін айтады, бұлар сосын базар нарқына қарай жаңа баға қойып отырған.

Зімбірді әдетте адамдар суықтап қалғанда пайдаланады. Оның құрамында С витамині мен В витаминдер тобы көп. Зімбірдің тамырын шайға қайнатып ішеді, көбіне оны иммунитетті көтеру үшін және тұмаурата бастаған кезде пайдаланады. Жұрттың көбі балмен және лимонмен араластырып қолданғанды жөн санайды. Айтқандай, қазір лимонның бағасы да бірте-бірте өсіп бара жатыр.

Кеше, 2 сәуір күні Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) жұртты зімбірден бас тартпауға шақырды. Бірақ сонымен бірге коронавирустан емделу кезінде оның тиімді болатынына алаңсыз сене салуға болмайтынын ескертті. Аталмыш инфекцияны жазуда оның тиімді екені әлі толық дәлелденген жоқ.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button