АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Коронавирус дерегі Қармақшы мен Шиеліден де шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. 1 сәуір. Бүгін Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандары да коронавирус инфекциясын жұқтырған өңірлер қатарына қосылды. Бұл туралы kyzyzlorda-news.kz хабарлады.

Өңірлік коммуниуациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жақсылық Абдусаметов бүгін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырып алған тағы 6 адамның анықталғанын айтты. Сонымен, аймақта індетке ұшырағандар саны 24-ке жетті.

«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 24 адамға жетті. Олардың екеуі – Қармақшы ауданынан, екеуі – Жаңақорған ауданынан, біреуі – Шиеліден, ал алтыншысы Қызылорда қаласынан болып отыр. Қармақшы ауданына бір науқас Алматы қаласынан келген. Екінші науқас анықталу үстінде. Ал Жаңақорғандағы екі адам да бұрын ауданда ауырғандармен қарым-қатынаста болған. Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласындада солай», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Басқарма басшысының айтуынша, облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны күрт көбейіп отыр. Бүгінгі таңда өңірде осы қауіпті індетті жұқтырғандардың бәрі бұрын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар екендігі анықталып отыр.

Сонымен, Қызылорда облысындағы 24 науқастың 15-і – Жаңақорғаннан, 6-ы – Қызылордадан, 2-і – Қармақшыдан, 1-і Шиеліден болып отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button