Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Усманов Өзбекстанға індетпен күресу үшін $20 млн бөлді

ТАШКЕНТ. 1 сәуір. Ресейлік өзбек миллиардері Алишер Усманов Өзбекстанға коронавируспен күресу үшін 20 млн доллар ақша берді. Бұл туралы «Узбекистан 24» телеарнасы хабарлады.

Телеаарнаның мәліметінше, аталмыш қаржы Ташкент облысының Зангиа ата ауданында салынып жатқан коронавирус науқастарына арналған аурухананың жабдықтауға жаратылады.

«Белгілі бизнесмен және меценат Алишер Усманов сондай-ақ біздің мемлекетіміздің басшысының әрекеттеріне қолдау көрсетіп, бұл аурухананың қазіргі заманғы ең жаңа медициналық жабдықтармен жабдықтау үшін 20 млн доллар қаржы бөлді», – делінген хабарламада.

Қаражат үкіметке коронавируспен күресте қаржылай көмек көрсету үшін құрылған «Өзбекстан мейірімділігі мен денсаулығы» қоғамдық қорының есепшотына аударылды. Ақша республиканың Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілген.

Өзбекстанда 172 инфекция жағдайы тіркелді. Екі адам қайтыс болды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button