Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Қарағанды облысында 1 адам коронавирустан көз жұмды
ҚАРАҒАНДЫ. 1 сәуір. Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған бір адам қайтыс болды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Мемлекеттік комиссия шұғыл штабының хабарлауынша, 1 сәуірде таңғы сағат 11.15-те Қазақстанда жаңа вирустың тағы 15 жұқтыру оқиғасы тіркелкен. Бұлардың арасында Қызылорда облысынан қосылған 6 адам да бар.
Жалпы, республикамызда бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандар саны – 363, олардың 24-і емделіп шықты.
Сонымен, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар қатарынан қайтыс болғандар саны 3-ке жетті.