ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда тағы 5 адамнан коронавирус шықты

АСТАНА. 1 сәуір. Қазақстанда өткен тәуліктің ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары тағы 5 адамға өсті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Бүгін, 1 сәуір күнгі сағат 08:15-тегі жағдай бойынша, Түркістан облысында – 4 адамнан, Шымкент қаласында 1 адамнан індет табылған.

Осы кезде республика бойынша 348 адам коронавирус симптомы дерегімен тіркеліп отыр.

Олардың аймақтардағы үлесі мынадай:

Астана қаласында – 178, Алматы қаласында – 82, Қызылорда облысында – 18, Атырау облысында – 16, Қарағанды облысында – 13, Ақмола облысында – 10, Алматы облысында – 8, Түркістан облысында – 5, Жамбыл облысында – 3, Шымкент қаласында – 3, Ақтөбе облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Батыс Қазақстан облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1 адам.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button