Трамп коронавирустың пайдасы туралы айтты
ВАШИНГТОН. 1 сәуір. АҚШ президенті Дональд Трамп күтпеген жерден коронавирустың пайдасы туралы сөз етті. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Ақ үйдің иесі сонда өткен брифинг кезінде осы жайында әңгімеледі.
Оның айтуынша, вирустың тарауы сонымен бірге ақыр соңында оң нәтижелер де әкелетін болады. Мәселен, бұл кесел жұртты тұрмыстың пайдалы дағдыларына үйретеді. Келешекте мұндай әдеттер грипп сырқатына шалдықпауға көмектеседі, деп санайды Трамп.
Америка лидері соның ішінде адамдардың қолды ұдайы сабындап жуып тұрулары, бір-бірімен кездескен қол беріп амандасулары, бір-бірлеріне тым жақын тұрулары керек пе, деген сауалдардың жауабы шешіліп қойылғанын айтты.
Бұдан бұрын Трамп коронавирустан жеке өзінің қалай қорғанатынын білдірген еді. Ол кісіге қол беріп амандасудан аулақ болуға кеңес берді. Мұның орнына үнділердің «намасте» деген дәстүрлі сәлемдесулерін қолдануды ұсынды.
Дональд Трамптың өзі мұны жақында Ирландияның премьер-министрі Лео Варадкараны ресми сапары кезінде Ақ үйде қабылдағанда қолданған екен. Америка лидері алдында қалай амандасарын білмей дағдарғанын, бірақ ол келген кезде бірден шешім қабылдап, жай бас иіп қана сәлемдескенін айтып берді. Енді осы тәсіл біздің өмір салтымызда қалып қоюы керек.
Бүгінгі күні АҚШ-та коронавирус инфекциясын жұқтырып алғандар 184 мыңнан асып отыр. Олардың 3,7 мыңы қаза тапса, 6 мыңы жазылып шыққан.
АҚШ лидері алдағы екі аптада жағдайдың бұдан да жаман болатынын айтып отыр.