Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Тәртіпті тәрк етіп, той жасаушы айыппұл төлейді (видео)

ҚЫЗЫЛОРДА. 31 наурыз. Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде қызын ұзатып, көп адамның қатысуымен дүркіретіп той өткізген әкеге айыппұл салынды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Мұның алдында, әлеуметтік желіде 27 наурыз күні елде жарияланған төтенше жағдайды да қаперіне алмай, Жаңақорған кентінде үйінің есігінің алдында той өткізіп жатқан кісінің әрекетін сынға алған бейнежазба жарияланған еді. Онда автор «Мынадай бассыздыққа қалай жол берілген? Полиция қайда қарап отыр, әкімдік қайда қарап отыр?» деген сыңайда сын айтыпты.

Содан кейін қозғалыс басталған сияқты. Тәртіп сақшылары тәртіпті құлағына да қыстырмаған адамның әйлесін тез тауып алыпты.

«Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 27 наурыз күні сағат 17:30 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны қызының ұзату тойын жасағаны анықталды. Той иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды», – делінген хабарламада.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button