Қызылордада індетке іліккен тағы 3 адам табылды
ҚЫЗЫЛОРДА. 31 наурыз. Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам анықталып, ауырғандардың жалпы саны 8-ге жетті. Бұл туралы coronovirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Бүгін сағат 09:40-та республикадағы эпидемиологиялық жағдай коронавирус жұқтырған адамдар санының 325-ке жеткенін көрсетті.
Тәулік ішінде Қазақстанда тағы 17 дерек тіркелді. Соның ішінде Алматыда – 9, Қызылордада – 3, Астанада – 2, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының әрбірінде бір-бірден кесел табылғаны белгілі болды.
Қазір елімізде коронавирустың 325 жағдайы расталды. Бұлардың қатары Астанада – 175, Алматыда – 82, Қарағанды облысында – 13, Атырау облысында – 13, Ақмола облысында – 10, Алматы облысында – 8, Қызылорда облысында – 8, Ақтөбе облысында – 3, Жамбыл облысында – 3, Шымкент қаласында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 2, Батыс Қазақстан облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1.
Осы кезге дейін 21 адам сауығып шықты. Ал Астанада тағы бір адам қайтыс болып, құрбандар саны 2-ге жетті.