Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Астанада коронавирустан бір адам көз жұмды
АСТАНА. 31 наурыз. Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам жантәсілім етіп, құрбан болғандар саны 2-ге жетті. Бұл туралы coronovirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Қаза тапқан адам Астананың тұрғыны болып шықты.
Бірінші жолы қайтыс болған әйел Астананың түбіндегі Қосшы кентінен еді.
Қазақстан бойынша жаңа вирус түрінен екі адам қайтыс болды.
«Қазақстан бойынша жаңа вирус түрінен екі адам қайтыс болды», деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм-арнасы.