Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Токио Олимпиадасы 2021 жылғы 23 шілдеде ашылады

ТОКИО. 30 наурыз. Токио жазғы Олимпиялық ойындарын ұйымдастырушылар оның ашылуын 2021 жылғы 23 шілдеге белгілеу жайын қарастырып жатыр. Бұл туралы New York Times хабарлады.

Бұдан бұрын Ойындардың өтетін уақыты үш апталық мерзімде шешілетіні хабарланған еді. Сонымен бірге, «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті оның келесі жылғы маусымнан қыркүйекке дейін өтетінін мәлімдеген болатын.

Ал америкалық басылым Халықаралық олимпиялық комитеттің Олимпиада-2020-ның өтетін уақытын жақын арада жариялауы мүмкін екенін хабарлайды. Жай-жағдаятқа қарағанда, ХОК бұл мәселені шешіп те қойған сияқты.

ХОК Олимпиаданың кейінге қалдырылатыны туралы биылғы 24 наурызда мәлімдеді. Ойындар 2020 жылғы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі керек еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button