ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қызылордада тағы 3 адам коронавирус жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. 30 наурыз. Қызылорда қаласында бойынан коронавирус инфекциясы табылған тағы үш адам анықталды. Бұл туралы coronovirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Сөйтіп, Қызылорда облысында індетке шалдыққандар саны 5 адамға жетті.

Тәулік ішінде Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам тіркелді. Олар Алматы, Қызылорда қалаларының және Ақмола облысының тұрғындары болып шықты. Осы үш аймақтың әрбірінен 3 науқастан табылған.

Бүгінгі сағат 11:10-дағы мәлімет бойынша, Астана қаласында – 167, Алматы қаласында – 73, Атырау облысында – 12, Ақмола облысында – 9, Қарағанды облысында – 7, Алматы облысында – 6, Қызылорда облысында – 5, Жамбыл облысында – 3, Шымкент қаласында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Ақтөбе облысында – 2, Батыс Қазақстан облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, барлығы 293 сырқат адам тіркелді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button